?НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы шақырулы тренерлерге конкурс жариялайды:
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мынадай критерийлерге сай болуы тиіс:
?жоғары білімінің немесе магистр дәрежесінің болуы (PhD, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесінің болғаны жөн);
?мемлекеттік қызмет саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің немесе мемлекеттік/квазимемлекеттік секторларда кемінде үш тренинг өткізу тәжірибесінің болуы;
?ҚР-ның бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын, Академияның құндылықтарын, миссиясы мен көзқарасын білу;
?мемлекеттік және орыс тілдерін білу, мүмкіндігінше ағылшын тілін білу;
?оқытудың интерактивті әдістемелерін меңгеру;
? мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында тәжірибеге бағдарланған кейстердің болуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшелігін, олардың міндеттері мен жауапкершілігін түсіну;
?ұсыныс хаттар.
Құжаттар: фотосы бар түйіндеме, презентациялық материалдар, ұсыныс хаттар, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері және т.б.
Сіздерді кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына үлес қосуға шақырамыз!
