Жаңалықтар

6 ақпан күні «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы басталды.

Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 2023 жылдың 06 — 24 ақпан аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы басталды.

Курс мақсаты — мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзіреттерді дамыту

Курс тыңдаушылары
▶ стратегиялық менеджмент және көшбасшылық;
▶ жобалық және цифрлық мемлекеттік басқару;
▶ тиімді коммуникациялар;
▶ өңірлік компонент
модульдерін оқиды.

Алғашқы дәрісті заң ғылымдарының кандидаты, академия филиалының тренері Сергалиев Максот Хабибуллович «Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды
басқару» тақырыбымен бастады.