Жаңалықтар

«Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» тақырыбында іс-шара!

«Әділетті Қазақстан – Адал Азамат»

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дарынды оқушыларды қолдауға және олардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында 2024 жылдың 20 желтоқсанында «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Өңірлердегі дарынды, белсенді жастар, отандық оқу орындарының студенттері, жас мемлекеттік қызметші мектебінің қатысушылары Академияның филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаймен кездесті. Сонымен қатар Филиалдың кабинет меңгерушісі Джумашева Н. Г. оқушыларды Академия филиалының тыныс-тіршілігімен таныстырып, эскурсия жүргізді