Жаңалықтар

“Ауыл әкімдерін арнайы қайта даярлау курстары” басталды

🔹Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, Мемлекеттік қызмет істер агенттігі мен “AMANAT” партиясы бірлесе отырып, “Ауыл әкімдерін арнайы қайта даярлау курстарын” бастады.
🔹Аталмыш бағдарламаның басты мақсаты ауыл әкімдерінің біліктілігін арттырып, жаңа білім мен тәжірбие жинақтау, ауыл округтерінің өмір сапасын жақсарту болып табылады.
🔹Бағдарлама оффлайн және онлайн форматта 240 сағатты құрайды.
🔹Курс 2025 жылдың 17 ақпан мен 13 мамыр аралығында өткізіледі.Оқу аяқталғаннан кейін әкімдер ауыл округін дамытуға арналған жобаларын қорғайды.