Жаңалықтар

Ауыл әкімдерін оқыту бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі А.С.Халелов дәріс оқыды

🔹Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында өтіп жатқан Ауыл әкімдерін оқыту бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі А.С.Халелов дәріс оқыды. Тыңдаушыларға «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімділігі, мүмкіндіктері туралы, әр ауылдық округте ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің ашылуы, алгоритмі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар тыңдаушылар алдында «Ауыл аманаты» бағдарламасы негізінде бөлінген қаржыға ешкі сүтінінен түрлі өнім алып, шетелдік жәрмеңкеге шығарып, өз кәсібінде жетістікке жеткен Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшүкір ауылдық округінің «Жеті лақ» шаруа қожалығының жетекшісі Кобзев Виктор Валентинович сөз сөйлеп, өз тәжірибесімен бөлісті.