Жаңалықтар

БҚО ДСБ “Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” ШЖҚ МКК қызметкерлерімен кездесу

БҚО ДСБ “Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” ШЖҚ МКК қызметкерлерімен кездесу!

🔹Бүгінгі күнде ұйымдар үшін заң талаптарын сақтау және этикалық нормаларды ұстану – тек міндет емес, сонымен бірге табысты қызметтің кепілі. Бұл тұрғыда комплаенс жүйесі маңызды рөл атқарады.
🔹Осы орайда, БҚО ДСБ “Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” ШЖҚ МКК қызметкерлерімен кездестік. Кездесу барысында ұйымдағы барлық қызметтің қолданыстағы заңнамаға, ішкі ережелерге және халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз етуі туралы айтылды.
🔹2021 жылы Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі ISO 37001” халықаралық стандартын енгізген болатын.
🔹Осы бағытта серіктестігімізді жалғастыра отырып, әрдайым ұйым басшылығы мен комплаенс-офицеры және қызметкерлерімен кездесіп комплаенстың қызметі туралы және заңнамалардағы соңғы өзгерстер туралы ақпарат беріледі.