Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері үшін «Бюджет қаражатын жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Қандай мәселелер қамтылды?⁉️
— ✅Мемлекеттік жоспарлау жүйесі және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру;
— ✅Жергілікті бюджеттік жоспарлау;
— ✅4-деңгейдегі бюджетті жоспарлау;
— ✅ҚР Мемлекеттік сатып алу жүйесі және 2023 жылғы өзгерістер;
— ✅Бюджеттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
♦️Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантура және магистратура бөліміне оқуға түсу ережелері, талаптары туралы толыққанды ақпарат берілді.