Академия
жаңалықтары

20
Декабрь
29
Ноябрь
“Жобалық менеджмент:ҚР CT ISO 21502-2022 сертификаттауына дайындық”семинары өтті.

“Жобалық менеджмент:ҚР CT ISO 21502-2022 сертификаттауына дайындық”семинары өтті.

Барлығы
12
Август
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС

Барлығы
27
Июнь
“Цифрлық платформаны пайдалану арқылы ISO 37001  енгізу”

Бүгін БҚО бойынша филиал директоры Нарушева Л. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен ұйымдастырылған “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкерлеріне арналған облыстық семинарда “Цифрлық платформаны пайдалану арқылы ISO 37001  енгізу”туралы ақпаратпен бөлісіп, стандартты енгізудің артықшылықтарымен таныстырды.

Барлығы
15
Июнь
Бүгін Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Ашық есік» күні өтті.

Бүгін Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Ашық есік» күні өтті.

Оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлер филиалға келіп, іріктеу кезеңдерінің тәртібімен танысып, сұрақтарына жауаптарын алды.

 

Барлығы
14
Июнь
Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры тағайындалды.

Лаула Жанатқызы Нарушева Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшы 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Академияның Корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице-ректоры Ұлан Абдилкаилұлы жаңа директорға сәттілік тілеп, алдағы уақытта филиал жұмысын одан әрі өркендетуге байланысты бірнеше нақты тапсырмалар беріп, сенім білдірді.

Лаула Жанатқызына жауапты қызметін абыроймен атқаруына тілектеспіз!

Барлығы
26
Март
Шақырылған оқытушылар үшін конкурс

Қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларында сабақтар жүргізуге шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды.

Барлығы
27
Июнь
Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR орталығы ашылуына орай алғашқы кездесу  өтті. 

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR  орталығы ашылуына орай алғашқы кездесу  өтті.  Кездесуге   облыс әкімі аппараты персоналды басқару  қызметінің өкілдері, облыстық басқармалары мен орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің кадр мәселесіне жауапты қызметкерлері және филиал қызметкерлері қатысты. 
Алғашқы сөзді Филиал директоры А.Т.Абжаков алып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даму мен құзыреттерін арттырудың маңыздылығы, біліктілік арттыру бағдарламасын жоспарлаудағы мемлекеттік органның  атқаратын рөлі және өңірдегі кадрлық әлеуетті дамытудағы филиалдың қызметі туралы  айтты.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы М.С.Байсалов бұл кездесу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы бойынша мәселені жеке тәжірибе және заңнамаға сүйене отырып талқылайтын ашық диалог форматындағы кездесу екенін еске салды. БҚО бойынша департаментінің басшысы орынбасары Ақерке Ардақызы мемлекеттік қызметтегі өзгерістер мен қызметшілерге қойылатын талаптар, бағалаудың жаңа аспектілері бойынша  ақпаратпен бөлісті. 
Стратегиялық HR  мектебінің диалог алаңы жоспар бойынша ұйымдастырылатын болады. Кездесу соңында қатысушылар айтылған мәселелер бойынша пікір алмасты, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Барлығы
22
Июнь
Облыс әкімі аппаратының жетекшілеріне арналған «Жеке және командалық тиімділік» тақырыбы бойынша семинар – тренинг басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында облыс әкімі аппаратының жетекшілеріне арналған «Жеке және командалық тиімділік» тақырыбы бойынша семинар – тренинг басталды.

Семинардың тыңдаушылары — Орал қаласы әкімі мен Батыс Қазақстан облысы аудан әкімдері және облыстық басқарма басшылары.

Семинардың негізгі мақсаты – басшы лауазымындағы мемлекеттік қызметшілердің адами құндылықтарға негізделген әдіс-тәсілдерді меңгере отырып, кәсіби құзіреттіліктері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, халықпен тиімді кері байланыс орната білу, заманауи кәсіби көшбасшылар легін қалыптастыру.

Семинар-тренингтің салтанатты ашылуында Облыс әкімі аппаратының басшысы Шыныбеков А. А. өңірде жүргізілп жатқан кадр саясатының бүгінгі беталысына тоқталды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы Байсалов М.С. мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз өзін-өзі жетілдіруінің маңыздылығын атап өтіп, оқуды өткізуге сәттілік тіледі

Семинарды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сарапшы-тренері, филология ғылымдарының кандидаты, HR-сарапшы Бақытжанова Алтын Қуанышбековна жүргізді.

Семинар барысында тыңдаушылармен келесі тақырыптар бойынша өзекті мәселелер қарастырылды:
 Қоғамның қазіргі трансформациясы аясындағы мемлекеттік басқару;
 Сервистік және адамға бағдарлану стратегиялары: жаңа мемлекеттік басқару моделінің көрінісі;
 Басқарушының көшбасшылығы мен тиімділігі. Басқару стильдері мен коммуникация: диагностикалық тәжірибе;
 Жеке және командалық тиімділік. Pro-активті басшы;
 Заманауи HR – менеджмент. Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мүмкіндіктері;
 БАҚ-пен тиімді өзара іс-әрекет. PR және басшының жеке брендін қалыптастыру.

Барлығы
25
Май
МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ОҚУҒА ТҮСУ ЖӨНІНДЕ ТЕРЕКТІ,ШЫНҒЫРЛАУ АУДАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

?ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Асет Талғатбекұлы Абжаков Теректі,Шынғырлау аудандарында іс-сапарда болып, мемлекеттік қызметшілерге Академияға оқуға түсу туралы толық ақпарат берді.

Оқуға қабылдау талаптары қандай❓

Академияда оқудың артықшылықтары мен пайдасы❓

Қандай білім беру бағдарламалары бар❓
Құжаттарды тапсыру және конкурстық іріктеу кезеңдерінің алгоритмі қандай❓

Осы және басқа да сұрақтарға кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер қызығушылық танытып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
Еске сала кетейік Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір -29 маусым аралығында өтеді.

Толық ақпаратты ? apa.kz ресми сайтынан және құжаттарды қабылдау бойынша admission.apa.kz сайты арқылы ала-аласыздар!

☎️+7 7172 75 33 95, +7 7172 75 34 43,
?+7 775 075 33 95, + 7 775 075 34 43, +7 708 966 53 35

Барлығы
24
Май
Ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу: магистратура мен докторантураға оқуға түсу ережелерімен таныстыру

Бүгін 24 мамыр күні Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Асет Абжаков Тасқала,Бәйтерек аудандарына Академияға оқуға түсу бойынша ақпараттық сессия өткізу үшін іссапарға барды.
Ақпараттық кездесуде Филиал директоры мемлекеттік қызметшілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға арналған Академияның оқуға қабылдау ережелерін түсіндіріп берді.
Филиал директоры өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерге оқуға қатысты мүмкіндіктер туралы айтып, Академияға магистратура мен докторантураға түсуге шақырды.

Оқуға құжаттарды қабылдау науқаны 3 сәуірден 29 маусымға дейін жүргізіледі.

Барлығы
22
Май
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу жалғасуда….

?22-23 мамыр күндері Казталов, Жаңақала аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға қабылдау бойынша ақпараттық сессия өткізілді. ?Кездесу барысында академия филиалының директоры Асет Абжаков 2023 жылға арналған академияның оқуға қабылдау ережелерін, магистратура мен докторонтура бағдарламаларына қойылатын негізгі талаптар, конкурстық іріктеу кезеңдері, қабылдаудың алгоритімі, жатақхана мәселесі және академияға оқуға түсудің артықшылықтары жөнінде толық ақпарат беріп өтті. ✅Мемлекеттік қызметшілер өз сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. ?Еске сала кетейік, Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында өткізіледі.

Барлығы
19
Май
Бөрлі ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу: магистратура мен докторантураға оқуға түсу ережелерімен таныстыру
Бүгін филиал директоры Абжаков Әсет Талғатбекұлы Академияның магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Бөрлі ауданы мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.
✅Оқуға қабылдаудың басты талаптары қандай????
✅Академияда оқудың артықшылықтары мен пайдасы…
✅Жатақханаға жату мүмкіндігі қалай реттелген?
✅Стипендия көлемі қандай болады?
✅Шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігіне қойылатын талап қандай?
✅Аналитикалық эссені жазуға қандай талаптар қойылады????
✅Қандай пәндік топтар бойынша оқыту жүргізіледі?
✅Академия қандай шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктес?
✅Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында және халықаралық үйымдарда тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
✅Қазақстан Республикасының 125-қаулысына қандай өзгерістер енгізілді?;
Мемлекеттік қызметшілер осы және басқа да сұрақтарға қызығушылық танытып, толыққанды жауаптар алды
?Құжаттар қабылдау 29 маусымға дейін жүргізілетінін естеріңізге саламыз❗
✅Толық ақпаратты apa.kz ресми сайтынан және құжаттарды қабылдау бойынша admission.apa.kz сайты арқылы ала-аласыздар!
☎️+7 7172 75 33 95, +7 7172 75 34 43,
?+7 708 966 5335
Барлығы