Академия
жаңалықтары

04
Май
👔Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу жалғасуда….

?Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу жалғасуда…. ?Бүгін филиал директоры Абжаков Әсет Талғатбекұлы Академияның магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Қаратөбе ауданы мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесу интерактивті пікірталас форматында өтті .
⁉️☑️Аналитикалық эссені жазуға қандай талаптар қойылады????
☑️Қандай пәндік топтар бойынша оқыту жүргізіледі?
☑️Академия қандай шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктес?
☑️Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында және халықаралық үйымдарда тағылымдамадан өту мүмкіндігі; ☑️Қазақстан Республикасының 125-қаулысына қандай өзгерістер енгізілді?;
?️Мемлекеттік қызметшілер осы және басқа да сұрақтарға қызығушылық танытып, толыққанды жауаптар алды

Барлығы
03
Май
Сырым ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу: магистратура мен докторантураға оқуға түсу ережелерімен таныстыру

Бүгін филиал директоры Абжаков Әсет Талғатбекұлы Академияның магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Сырым ауданы мемлекеттік қызметшілерімен кездескен. Жиналған мемлекеттік қызметшілерге Академияда білім алудың артықшылықтары мен ерекшеліктері жөнінде толыққанды ақпарат берілді. Кездесу интерактивті пікірталас форматында өтті .
✅Оқуға қабылдаудың басты талаптары қандай????
✅Академияда оқудың артықшылықтары мен пайдасы…
✅Жатақханаға жату мүмкіндігі қалай реттелген?
✅Стипендия көлемі қандай болады?
✅Шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігіне қойылатын талап қандай?
Мемлекеттік қызметшілер осы және басқа да сұрақтарға қызығышылық танытып, толыққанды жауаптар алды

Барлығы
25
Апрель
Магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Абжаков А.Т. кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру мақсатында БҚО бойынша аумақтық Әділет департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу интерактивті пікірталас форматында өтті, Әділет департаментінің қызметкерлері Академияға оқуға қабылдау Ережелері, магистратура мен докторантураға конкурстық іріктеу кезеңдері , жалпы оқу үрдісі жөнінде, шет мемлекеттерде тағылымдамадан өту мүмкіндігі және т.б. оларды қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды.
Құрметті жазылушылар, Академияға оқуға құжаттарды қабылдау Академияның ақпараттық жүйесінде онлайн режимде жалғасып, 29 маусымда аяқталатынын естеріңізге саламыз. Академияға түсу туралы барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз:** 31-22-95, 25-00-44, +7 708 966 5335

Барлығы
24
Апрель
«ШИЕЛЕНІСТЕРДІ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ» тақырыбында біліктілік арттыру семинары басталды

Филиалда «ШИЕЛЕНІСТЕРДІ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ» тақырыбында біліктілік арттыру семинары басталды.
Семинар аясында шиеленістерді реттеу коммуникациясы, жанжалдарды шешудегі тиімді коммуникация, медиация, этносаралық шиеленістердің алдын алу, эмоционалды интеллект, коучинг технологиялары тақырыптары қамтылатын болады.

Барлығы
20
Апрель
Филиал директоры А.Абжаков «Қоғамдық келісім» орталығының негізінде өткізілген басқосудың спикері ретінде «Өзін-өзі таныстырудың тиімді дағдылары» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Бүгін өңіріміздегі этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің және жастардың қатысуымен «Мемлекеттік қызметке орналасудағы кейбір мәселелер туралы» тақырыбында жиналыс өтті. Филиал директоры А.Абжаков «Қоғамдық келісім» орталығының негізінде өткізілген басқосудың спикері ретінде «Өзін-өзі таныстырудың тиімді дағдылары» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Барлығы
19
Апрель
«Бюджет қаражатын жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері үшін «Бюджет қаражатын жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

Қандай мәселелер қамтылды?⁉️
— ✅Мемлекеттік жоспарлау жүйесі және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру;
— ✅Жергілікті бюджеттік жоспарлау;
— ✅4-деңгейдегі бюджетті жоспарлау;
— ✅ҚР Мемлекеттік сатып алу жүйесі және 2023 жылғы өзгерістер;
— ✅Бюджеттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
♦️Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантура және магистратура бөліміне оқуға түсу ережелері, талаптары туралы толыққанды ақпарат берілді.

Барлығы
13
Апрель
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

13 сәуір күні академия филиалында «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерге облыс басшысының тапсырмасы шеңберінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»Заңының талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру басқармасының басшысы Жасұлан Ерболатұлы Абдушев және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Орал қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Айман Қайырғалиқызы Айдарова дәріс өткізді.
Курс тыңдаушылары сапалы да мазмұнды тақырыпты зор ықыласпен қабылдап,өз сұрақтарына жауаптарын алды.

Барлығы
12
Апрель
«Мемлекеттік қызметтегі өзгерістер мен қызметшілерге қойылатын талаптар» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды

12 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлескен «Мемлекеттік қызметтегі өзгерістер мен қызметшілерге қойылатын талаптар»тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

Барлығы
10
Апрель
«Сегіз қырлы- бір сырлы,алаштың арда Халелі » атты дөңгелек үстел өтті

2023 жылдың 10 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Алаш ардагері,саяси күрескер-Х.Досмұхамедовтың туғанына -140 жылдығына орай «Сегіз қырлы- бір сырлы,алаштың арда Халелі » атты дөңгелек үстел өтті.

Барлығы
07
Апрель
Мемлекеттік қызметшілермен кездесу

7 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Барлығы
05
Апрель
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалында

5 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалы базасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментімен ұйымдастырылған кездесуге қатысты.

Барлығы
03
Апрель
2023 жылы 3 сәуірде «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерді қайта даярлау курстары басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 2023 жылғы 3 сәуірде «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерді қайта даярлау курстары басталды.

Барлығы
17
Март
Бүгін 17 наурыз күні академия   филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аяқталды

Бүгін 17 наурыз күні академия   филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аяқталды.

Барлығы
14
Март
«Деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау» атты біліктілікті арттыру семинары басталды .

Бүгін 14 наурыз күні Академия филиалында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау» атты біліктілікті арттыру семинары басталды .

Барлығы