
2020 жылдың 17 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің ұсынысымен филиалымызда Президенттік Жастар кадрлық резервіне өткен резервшілердің филиал тыңдаушыларымен кездесуі өтті.
Кездесуге Агенттіктің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев, БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллина қатысты сонымен бірге біздің өңірден резервке өткен кандидаттар — БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы — Сәкен Нуртазаев, №5 қалалық емхананың бас дәрігері — Тимур Ажғалиев, шетел компаниясында бас инженер болып қызмет атқаратын Миржан Тәжекеновтер келді.
Бейресми жағдайда өткен кездесуде Президенттік жастар кадр резервіне өту үшін алты іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үміткерлер тәжірибелерімен бөлісіп, өз жобаларын таныстырды және тыңдаушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл акция 2020 жылдың 1 ақпанында басталып, 31 желтоқсанға дейін созылады және күн сайын сағат 12.00-де қалада орналасқан ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Аталған акция аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қайта даярлау курсының тыңдаушылары «Үш батыр қыз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым жасады.
Бұл шараның жас ұрпақ үшін маңызы өте зор.
Жеңіс күні…75 жыл… Бұл күн оңайлықпен келген жоқ.
Біз әр күн сайын, әр сәт сайын жастарымызды аталарымыздың жанқияр ерлігінің арқасында қолымыз жеткен еркіндікті бағалай білуге үйретуіміз қажет.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 27-29 қаңтар аралығында өткен «Әлеуметтік жанжалдарды шешу» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинарының тыңдаушылары алғаш болып семинарды сәтті аяқтағаны туралы электронды сертификаттарға ие болды.
Бұл жоба Академия тарапынан екі жыл көлемінде дайындалды және Академия командасының ұйымдасқан жұмысының арқасында жүзеге асырылды.
Бұл жаңашылдық бізге не береді:
Электронды сертификатты алу үшін certificate.apa.kz сайтына кіріп, өз ЖСН енгізу жеткілікті.
Ұрпақтар сабақтастығы
2020 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Академияның магистрі, магистранты және талапкерлер кездескен «Қыстың жылы кездесуі» өтті.
Аталған кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет) БҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин, Академия магистранты М.Шайжанов және ағымдағы жылы Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге үміткерлер қатысты.
Шара барысында Біржан Марданұлы Академия магистрі атанғаннан кейінгі мансап баспалдақтарында оның артықшылықтары мен берген мүмкіндіктері туралы әңгімелесе, Мұхтар Шайжанов түсу емтиханын тапсыру кезіндегі дайындық, өзін-өзі ұстау, көпшілік алдында сөз сөйлеу, өзін-өзі таныстыру ерекшеліктері, әртүрлі жағдаяттарға дайын болу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Академия қабырғасындағы қызықты да танымды сәттер туралы, сонымен бірге кәсіби және жеке тұлғалық даму бойынша ие болған дағдылары мен құзыреттері туралы айтып өтті.
Талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мықты мотивация алды.
Біржан Марданұлына және қысқы демалыс уақытында шақыртуымызды қабыл алып, кездесуге өз үлесін қосқан Мұхтарға зор алғысымызды білдіреміз!