Академия
жаңалықтары

16
Январь
«Дәстүрді сақтап, болашаққа ұмтылыс»

2020 жылғы 16 қаңтарда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Жанболат Қазиұлы Даухарин, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев және БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Рафикқызы Хайруллина баспасөз мәслихатын өткізді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен болған кездесуде Жанболат Қазиұлы 2019 жылы Филиалда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Филиал жұмысының негізгі қызметі болып табылатын мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру семинарларын ұйымдастырып, өткізумен қатар, өткен жылдың басты оқиғасы ретінде Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 25 жыл толуын атап өтуге болады. Аталған шара аясында «Дәстүрді сақтап, болашаққа ұмтылыс» ұранымен жыл бойы әртүрлі шаралар өткізілді. Олардың қатарында «Аялы алақан», «Жұлдызай», «Луч света» әлеуметтік жобаларын, «25 қонақ дәріс», Академия түлектерімен кездесу т.б. жобаларды атап өтуге болады.

Кездесу соңында журналистердің қойған сұрақтарына толық әрі нақты жауаптар қайтарылды.

Барлығы
17
Январь
«Pre-sessional courses»

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Pre-sessional courses» өз жұмысын бастады. Ағылшын тілінен және аадемиялық жазба жұмысына дайындық курсына Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге үміткерлер қатысуда. Талапкерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында алдын ала тестілеу өткізілді. Тестілеу қорытындысы бойынша тыңдаушылар үш топқа бөлініп, «Elementary» және «Pre-Intermediate»  деңгейлері бойынша сабақтарды бастады.  

Барлығы
21
Январь
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕ БАСШЫЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?

21 қаңтар күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалында осы тақырыпқа арналып өткізілген 2020 жылдың алғашқы семинары Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы қызметкерлеріне арналды.

Өз қызметкерлерінің қызмет тиімділігін арттырып, олардың бойындағы шешім қабылдау, өзгерістерді басқару, стратегиялық ойлау құзыреттерін жетілдіру мақсатында Департамент тарапынан «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді басшылық» тақырыбы ұсынылған болатын. Осыған орай филиалдың қызметкерлері 8 сағаттық бағдарлама жасап, берілген шектеулі уақыттың ішінде басшы мамандардың құзыреттерін жетілдіруге   көмектесетін сабақтар мен тренингтерді қамтуға тырысты. Бағдарлама Департамент тарапынан мақұлданып, келісілді.

Семинар барысында тыңдаушылар мемлекеттік басқарудың заманауи парадигмаларымен танысты, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтау және оларға қойылатын талаптар туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар ынтымақтастық құзыретінің шеңберінде тренингке қатысып, команда құра білу, команда жұмысын тиімді ұйымдастыра білу жолдары мен құралдарын меңгерді.

Семинар  соңында филиал басшысы Ж.Даухарин тыңдаушылармен кездесіп, пікір алмасты. Олар семинардың мазмұнды, пайдалы әрі қызықты өткенін атап өтіп,  семинардың сағат көлемін ұлғайтуды ұсынды, филиал басшылығы мен қызметкерлеріне, оқытушыларына алғыстарын білдірді.

Барлығы