Көктемнің ерекше мейрамы аталып өтті!
Алғыс айту күні – қиын шақта бар ауыртпалықты бірге көтеріп, Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне ілтипат көрсету күні.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын көрінісі.
Бүкіл ел болып атап өткен Алғыс айту күнінің біздің филиалда қалай өткені жөнінде бірер сөз.
Алғыс айту күніне БҚО ассамблеясы Корей диаспорасының өкілі, БҚО экологиялық жобалау тобының жетекшісі В.Н.Хон және тілдік жоба әдіскері-куратор М.Б.Барадосова арнайы шақырылды.
Қонақтар қиын-қыстау заманда ата-бабаларының қазақ жеріне қалай келгені және осы жерге қалай орныққаны туралы әсерлі әңгімелер айтты. Қазақ халқының жылы қабақпен қабылдауының арқасында бүгінгі күнге жетіп отырғандарына шын жүректен алғыстарын айтты. Еліміздегі этникаралық достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылық, отансүйгіштік қарым-қатынастың нығая беруіне тілектестіктерін білдірді.
Қонақтар мен тыңдаушылар фойедегі арнайы әзірленген алғыс жазу тақтасына өз ықылас-ниеттерімен алғыстарын жазып қалдырды.