Жаңалықтар

2023 жылға шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды

2023 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларында сабақтар жүргізуге шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларында сабақтар жүргізуге шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

1) Мемлекеттік қызмет саласында практикалық тәжірибесінің және/немесе тренингтер өткізу тәжірибесінің болуы (мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда) кемінде 3 жыл;

2) жоғары білімінің/магистр дәрежесінің болуы, PhD дәрежесінің болуы құпталады;

3) мемлекеттік, сондай-ақ орыс тілдерін меңгеру;

4) оқытудың интерактивті әдістемелерін меңгеру;

5) ұсыныс хаттар.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 27 желтоқсан – 2023 жылғы 13 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Үміткерлер 2023 жылғы 13 қаңтар сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде zko.info@apa.kz электрондық поштасына материалдарды жіберуі қажет: 1. Резюме (жүктеу). 2. Ұсыныс хаттар. 3. Жоғары білім туралы құжат (магистратура, PhD). 4. Таңдалған тақырып бойынша презентация (жүктеу). 

Қойылатын талаптарға сәйкес келетін үміткерлер комиссия мүшелерімен өздерінің бағдарламаларын (мемлекеттік/орыс тілдерінде) таныстыру үшін әңгімелесуге шақырылатын болады. Әңгімелесу 2023 жылғы 16-17 қаңтарда өтеді.

Конкурстық іріктеуден өткен тұлғалармен қызмет көрсетуге келісімшарттар жасалатын болады.

Презентация тақырыптары және басқа да ақпарат осы сілтемеде https://cloud.mail.ru/public/P9QY/U2pDGfZ6G

Анықтама телефондары: 8 (7112) 31-22-25, 31-22-95