Ұрпақтар сабақтастығы
2020 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Академияның магистрі, магистранты және талапкерлер кездескен «Қыстың жылы кездесуі» өтті.
Аталған кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет) БҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин, Академия магистранты М.Шайжанов және ағымдағы жылы Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге үміткерлер қатысты.
Шара барысында Біржан Марданұлы Академия магистрі атанғаннан кейінгі мансап баспалдақтарында оның артықшылықтары мен берген мүмкіндіктері туралы әңгімелесе, Мұхтар Шайжанов түсу емтиханын тапсыру кезіндегі дайындық, өзін-өзі ұстау, көпшілік алдында сөз сөйлеу, өзін-өзі таныстыру ерекшеліктері, әртүрлі жағдаяттарға дайын болу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Академия қабырғасындағы қызықты да танымды сәттер туралы, сонымен бірге кәсіби және жеке тұлғалық даму бойынша ие болған дағдылары мен құзыреттері туралы айтып өтті.
Талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мықты мотивация алды.
Біржан Марданұлына және қысқы демалыс уақытында шақыртуымызды қабыл алып, кездесуге өз үлесін қосқан Мұхтарға зор алғысымызды білдіреміз!