Жаңалықтар

«Мемлекеттік қызметшілердің БАҚ-та сұхбат беру дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг өтті.

«Мемлекеттік қызметшілердің БАҚ-та сұхбат беру дағдыларын дамыту»

Ағымдағы жылдың 17 қарашасы күні БҚО өңірлік коммуникациялық қызметі кешенінде облыстық басқарма басшылары, орынбасарлары лауазымындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге арналған
«Мемлекеттік қызметшілердің БАҚ-та сұхбат беру дағдыларын дамыту»
тақырыбында тренинг өтті.
Тренинг жұмысын мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО департаменті басшысы М.С.Байсалов ашты. БҚО әкімі аппаратының басшысы А.А.Шыныбеков өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің БАҚ-та сұхбат беру дағдылары тақырыбы қоғамда өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Ш.Т.Габдрахманова «Сұхбат беру: тиімді психологиялық техникалар»тақырыбындағы тренингімен жалғастырып, академия филиалының тренерлері : заң ғылымдарының кандидаты М. Х. Сергалиев, кәсіби психолог,коуч С. М. Кужбанова , «Талап» АҚ-ның медиа бөлімінің басшысы Е. Е.Семенова өз интерактивті дәріс,тренинг жаттығуларын өткізді.
Тренинг барысында мемлекеттік қызметшілер сұхбат берудің тиімді психологиялық техникалары,стратегия мен тактикалары, сөйлеуді жаттықтыруға арналған қарапайым жаттығуларымен ,көпшілік алдында табысты сөйлеу технологияларымен танысты.

Тренинг нәтижесінде қатысушылар БАҚ-да сұхбат беру дағдысын үйренуге практикалық ұсыныстарды қабылдап, ой-пікір алмасты.