🔹Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының тыңдаушыларымен мотивациялық кездесу өтті.
🔹Аталмыш іс- шараға Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, Академия түлегі, «Орал мұнай-газ» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары А.Қ.Асанов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы М.С. Байсалов дәріс оқыды.
🔹Кездесу барысында Азамат Қанатұлы тұрақты мансап құру жөнінде айтып қана қоймай,сонымен қатар, техникалық дағдылар, монотондылықтан арылудың түрлі мысалдарын келтіре отырып, өз жолында жеткен жетістіктері мен тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу кезінде тыңдаушыларымыз сынды сұрақтар қоя отырып, керекті мағлұматтарын ала алды.
🔹Шараны қорытындылай келе, Департамент басшысы Мұрат Сейлбекұлы мемлекеттік қызметкерлерге болашақта шешім қабылдау мен өзгерістерден қорықпай алға ұмтылу керектігін айта отырып, алдағы уақыттағы жұмыс барысына сәттілік тіледі.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының тыңдаушыларымен мотивациялық кездесу өтті.
