Жаңалықтар

«Мемлекеттік қызметтегі өзгерістер мен қызметшілерге қойылатын талаптар» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды

12 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлескен «Мемлекеттік қызметтегі өзгерістер мен қызметшілерге қойылатын талаптар»тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.


Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы А.Шыныбеков,қала және аудан әкімдерінің аппарат басшылары қатысты.

Іс-шара барысында академия филиалының директоры Асет Абжаков мемлекеттік қызметшілерді Академияға оқуға түсу туралы толық ақпаратпен таныстырды.
 Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір -29 маусым аралығында өтеді.
2023 жылы оқуға қабылдау 6 магистратура бағдарламасы және күндізгі оқу бөлімінде 3 докторантура бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады және өндірістен қол үзбей оқытылатын 2 модульдік бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға Үкіметтен магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға арналған академияның оқуға қабылдау ережелерімен тыңдаушыларды таныстыра отырып,А.Абжаков академияда білім алудың артықшылықтарын атап өтті.
Одан кейін іс-шара оқыту семинарымен жалғасты. Семинар барысында филиал директоры А.Абжаков «Агрессивті топтармен қарым-қатынас жасау дағдылары» туралы жан-жақты мәлімет берді⠀