Назар аударыңыз! Конкурс!
Біліктілік талаптары:
| Лауазымы | Білімі | Талап етілетін кәсіби тәжірибесі |
| Аға оқытушы (2 бірлік) | – ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесінің болуы | – ғылыми-педагогикалық саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; – мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік кәсіпорындарда мейлінше жұмыс өтілінің болғаны жөн |
| Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының пәндері |
| Көпшілік алдында сөйлеу |
| Ресми жазылым |
| Басқарушының сөз мәдениеті |
| Басшының витальді және эмоционалды интеллекті |
| Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу |
| Бастамашылдық және жауапкершілік |
| Коммуникациялық менеджмент |
| Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу |
| Деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау |
| Салауатты жұмыс орындары |
| Мемлекеттік органдардағы цифрландыру |
| Өңірде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру |
| Стратегиялық менеджмент |
| Басшыларға арналған стратегиялық HR |
| Көшбасшылық. Pro-белсенді басшы |
| Тайм және стресс-менеджмент |
| Витальді және эмоционалды интеллект |
| Әдеп және парасаттылық |
| Кәсіби коммуникациялар |
| Деректерді талдау |
| Шешендік өнер. Презентацияларды дайындау |
| E-Otinish. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс |
| Практикалық аналитика |
| Коучинг |
| Басқарушылық коучинг |
| Өзгерістерді басқару |
| Ойлау дизайны |
| Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптары |
| Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы |
| Бухгалтерлік есеп және салық есебі |
| Салық салудың заманауи тәсілдері |
| Наразылық белсенділігімен тиімді өзара іс-қимыл жасау және келіссөздер процесін жүргізу |
| Сот ісін жүргізу практикасы: істерді дайындау және жүргізу стратегиялары |
| Жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік және азаматтық сот істерін жүргізуге қатысу ерекшелігі |
| Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары |
| Көпшілік алдында сөйлеу және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу стратегиялары |
| Бюджетті тиімді басқару: бюджет шығындарын оңтайландырудың әдістері мен құралдары (өңірлік компонент) |
| Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары |
| Мемлекеттік қызметтегі әдеп және кәсібилік: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық |
| «Цифрлық гигиена» және ақпараттық қауіпсіздік |
| Дағдарыс жағдайында тиімді коммуникация жасау стратегиялары: күрделі жағдайларды басқару |
| Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру (өңірлік компонент) |
| Мемлекеттік сатып алулар: іс жүзінде қолданылуы (өңірлік компонент) |
| Цифрлық құзыреттерді дамыту. Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы |
| Мемлекеттік сектордағы келіссөздер және медиация: ымыраға келу өнері |
| Креативті индустрия: мемлекеттік органдар үшін перспективалар |
| Гендерлік теңгерім жағдайындағы көшбасшылық |
| Жасанды интеллект: пайдасы мен ықтимал қауіптері |
| Әлеуметтік деректер негізінде тиімді өңірлік басқару |
| Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс |
| HR бизнес-серіктес: ҚР СТ ISO 30400-2018, 30405- 2018, 30407-2018, 30408-2018 Адами ресурстарды басқару жөніндегі ұлттық стандарттар бойынша «Кәсіби деңгей» санатына сертификаттауға дайындық |
| Мемлекеттік қызметшінің шешендік өнері |
| Өңірдің тұрақты дамуын басқару. Өңірлік басқарудағы әлеуметтік зерттеулер |
| Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен (КЕҰ) және халықпен өзара іс-қимыл технологиялары |
| Мемлекеттік органдардың қызметіндегі практикалық аналитика |
Тілдерді білуі: кәсіби деңгейде мемлекеттік, орыс және мүмкіндігінше ағылшын тілдерін білу. Конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар мына құжаттарды тапсырады: 1) Академия ректорының атына нысан бойынша жазылған өтініш; 2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы нысан бойынша немесе түйіндеме; 3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары; 4) аға оқытушы лауазымына орналасу үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларынан 1 тақырыптан және қайта даярлау курстары пәндерінен 1 тақырыптан жоба презентациясын (электрондық нұсқада, көлемі 4 слайдтан көп емес) дайындау қажет. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымхаттар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды тапсыру тәртібі: Кандидаттар құжаттарын Орал қаласы, С. Тюленин көшесі 1/4 мекенжайы бойынша қолма-қол ұсынады немесе HR@apa.kz электрондық поштасы арқылы жібереді. Байланыс деректері: 010000, Астана қ., Абай даңғылы 33а, 710 кабинет, +7(7172)75-32-23, 75-34-89. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 22 қаңтардан бастап 05 ақпанға дейін. Сұхбаттасудың өтетін орны: Астана қ., Абай даңғылы 33а, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК немесе кандидаттардың қалауы бойынша сұхбаттасу бейнеконференц-байланыс арқылы өткізілуі мүмкін. Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хатшысы кандидаттарға сұхбаттасу өткізілетін күнді, орны мен уақытын хабарлайды. Құжаттардың тізімі толық ұсынылмаған жағдайда Академия кандидаттың өтінімін қарамауға құқылы.
