16 мамыр күні Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі бойынша өңірлерде әкімшілік рәсімдер жүргізудің талаптары мен нормалары» тақырыбында мемлекеттік қызметшілерге арналған біліктілік арттыру семинары өз жұмысын бастады.
Семинарға Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарынан және аумақтық департаменттер мен инспекциялардан 26 мемлекеттік қызметші қамтылды.
Семинар барысында күтілетін нәтижелер:
— тыңдаушылардың әкімшілік рәсімдік-процестік саласындағы түсінігі кеңейтіледі;
— азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын арттырады;
— қоғамның жария — құқықтық саласында мемлекеттің ,азаматтық қоғам , заңды тұлға және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауды жетік меңгереді;
Аталған курс тыңдаушыларына дәріс өткізуге
Амангельдина Асем Бериковна-БҚО Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы
Давлетова Алтынай Абубакировна- БҚО мамандандырылған әкімшілік сотының төрайымы
Рахметова Гульзада Жардемовна – БҚО әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы шақырылды.