Жаңалықтар

Шақырылған оқытушылар үшін конкурс

Қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларында сабақтар жүргізуге шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларында сабақтар жүргізуге шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) жоғары білімінің/магистр дәрежесінің болуы, PhD дәрежесінің болуы құпталады;
2) Мемлекеттік қызмет саласында практикалық тәжірибесінің және/немесе тренингтер өткізу тәжірибесінің болуы (мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда) кемінде 3 жыл;
3) Қазақстан Республикасының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын білу, Академияның құндылықтары, миссиясы мен көзқарасы (конференция барысында бекітілген сұхбаттар)
4) мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру, ағылшын тілін білу мүмкіндігінше;
5) оқытудың интерактивті әдістемелерін меңгеру;
6) мемлекеттік басқару саласында және мемлекеттік қызмет тәжірибеге бағытталған кейстердің болуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшеліктерін және олардың міндеттер мен жауапкершіліктерін  түсіну;
7) ұсыныс хаттар.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылдың  2 сәуірге дейін жүргізіледі.
Үміткерлер 2024 жылғы 2 сәуір сағат 18.00-ге дейінгі мерзімде zko.info@apa.kz электрондық поштасына материалдарды жіберуі қажет:
1. Резюме (жүктеу).
2. Жоғары білім туралы құжат (магистратура, PhD).
3. Таңдалған тақырып бойынша презентация (жүктеу). 
Қойылатын талаптарға сәйкес келетін үміткерлер комиссия мүшелерімен өздерінің бағдарламаларын (мемлекеттік/орыс тілдерінде) таныстыру үшін әңгімелесуге шақырылатын болады. Әңгімелесу 2024 жылдың 4 сәуір күні өтеді.
Конкурстық іріктеуден өткен тұлғалармен қызмет көрсетуге келісімшарттар жасалатын болады.
Презентация тақырыптары Академия филиалының сайтында орналастырылған https://zko.apa.kz
Резюме, презентация үлгісі осы сілтемеде https://cloud.mail.ru/public/P9QY/U2pDGfZ6G

Анықтама телефондары: 8 (7112) 31-22-25, 25-00-44

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

2024 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларында сабақтар жүргізуге шақырылған оқытушылар үшін конкурс жариялайды

«Б» корпусының әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау курсының пәндерінің тақырыптары:
• Деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау
• Мемлекеттік органдардағы цифрландыру
• Басшыларға арналған стратегиялық HR
• Көпшілік алдында  сөйлеу

«Б» корпусының мемлекеттік  әкімшілік қызметіне  алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсының пәндерінің тақырыптары:
• Стратегиялық менеджмент
• Деректерді талдау

Біліктілік арттыру семинарларының тақырыптары:
• Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация
• Шиеленістерді реттеу және этномедиация
• Креативті индустриядағы тенденциялар мен инновациялар: мемлекеттік органдар үшін перспективалар
• Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық
• Объективті деректер негізінде басқару шешімдерін қабылдау
• Белгісіздік дәуіріндегі трансформациялық көшбасшылық