08 қараша күні Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының ұжымымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ш.Габдрахманова , филиалдың комплаенс офицері Л.Нарушева,мекеменің штаттан тыс комплаенс офицері Қ.Чурин қатысты.
Облыс аумағында алғашқы болып 2021 жылы ISO 37001«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» енгізген, сол стандарт негізінде жұмыс жасайтын мекеме қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы ережелері, тәртібі туралы ақпарат берілді.
Берілген ақпарат зор ықыласпен қабылданып,кездесу барысында мекеме қызметкерлері өз пікір-ұсыныстарын білдірді.Мекеме басшысы М.Утешев кездесу барысын нәтижелі қорытындылап,академия филиалына өз алғысын білдірді.