«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс » ISO 37001:2016 халықаралық стандарт
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс » ISO 37001:2016 халықаралық стандарты әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді құралы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO 37001 стандартын енгізген ұйым «Парасатты компания» мәртебесін алады.
31 қаңтар күні академия филиалы БҚО әкімі аппаратының шаруашылық басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған «ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу» тақырыбындағы семинарды өткізді.
Академия филиалының директоры Ш.Габдрахманова мекеме қызметкерлеріне «ISO 37001 халықаралық стандарты» туралы сөз сөйледі,атап айтсақ:
Мемлекеттік басқару академиясы стандартты өз бизнес-процестеріне енгізген еліміздегі бірден-бір ұйым,
осы стандартты оқытуға уәкілетті тұлға болып табылады және осы стандартты енгізуге қолдау көрсетеді.
Стандарт – біздің қызметімізді барынша ашық және адал
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрал,стандарттың құрылу тарихы,стандартты енгізудегі академия филиалының мүмкіндіктеріне ,осы стандартты кім қолдана алады,сертификаттау тәртібі туралы ақпаратты берді.
Семинарды шаруашылық басқармасының комплаенс қызметкері Л.Дарисова басқарған ұжым қатынасып,берілген ақпарат зор ықыласпен қабылданды.
Семинар барысында туындаған сұрақтарға академия филиалы тарапынан толық жауаптар берілді.