Жаңалықтар

“Тәлімгерлер кеңесі” отырысы өтті

🔹Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен “Тәлімгерлер кеңесі” отырысы өтті.
🔹Кездесуге “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының тыңдаушылары қатысты.
🔹 Аталмыш іс-шараның мақсаты жас мамандарға кәсіби дағдыларын дамытуға,мемлекеттік қызметке бейімделуіне ықпал ету болып табылады.
🔹Кездесу соңында Мұрат Байсалов мамандарға алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі.