🔹Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» нарративін нығайту аясында комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өткізілді.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – ұйым қызметкерлерін заңнаманың сакталуын қадағалауға тарту. Семинарға квазимемлекеттік секторының комплаенс-офицерлері қатысты.
🔹Шарада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Лаула Нарушева “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі ISO 37001 стандартын енгізу” тақырыбында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі жүйесін құру құралдары жөнінде баяндады.Сонымен қоса, бұндай шаралар комплаенс-офицерлерге өз ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтауға және жолын кесуге көмектеседі.
🔹 Семинар соңында қатысушылар «ашық микрофон» форматында өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
«Заң және тәртіп» нарративін нығайту аясында комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өткізілді
