🔹2025 жылдың 12 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсының тыңдаушыларымен “Жастарға мүмкіндік” мотивациялық кездесуі өтті.
🔹Кездесу барысында өңірлік кадр резервінің мүшелері мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге өткен тәжірбелерімен бөлісіп, өңірлік кадрлық резервтің мүмкіндіктері туралы айтылды. Жас мемлекеттік қызметшілер мұндай кездесулерден кейін алдарына қойған мақсаттарына сеніммен қарап, алға одан да ары дами түседі деген ойдамыз.
“Жастарға мүмкіндік” мотивациялық кездесуі өтті
