«Жеке және командалық тиімділік» атты тақырыпта 2023 жылдың алғашқы біліктілік арттыру семинары басталды.
Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында
23-25 қаңтар күндеріне жоспарланған «Жеке және командалық тиімділік» атты тақырыпта 2023 жылдың алғашқы біліктілік арттыру семинары басталды. Семинардың мақсаты -Жеке және командалық тиімділігін арттыру бойынша кәсіби құзыреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамыту,тыңдаушылардың бойында тиімді мінез-құлық индикаторларын ескере отырып, шектеулі уақыт пен эмоциялық қысым жағдайында да жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз ету бойынша құзыреттілік пен мінез-құлық дағдыларын, заманына сай ойлауды қалыптастыру.
Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!