«Жыл қорытындылау кеші»
14 желтоқсан күні ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалында «Жыл қорытындылау кеші» өтті.
Шараға филиал тренерлері, академия түлектері,ұжым қызметкерлері қатынасты.
Академия филиалының директоры Ш.Габдрахманова «Шеберлік сағатын» өткізіп,дәріс берудің практикалық бөлігін жетілдіру мақсатында кейстар ұсынып , оларды шешу жолдары туралы айтты.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Л.Нарушева 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін іс-шараға қатысушылардың назарына ұсынды.
Сонымен қатар кеш барысында «Түлектер клубы туралы ереже» филиал түлектеріне таныстырылып, талқыланды.
Жыл қорытындылау кеші филиал тынысы туралы бейнеклип көрсетумен өз мәресіне жетті.